Алматы əкімі Момышұлы көшесінің жабылуы туралы қауесетті жоққа шығарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы əкімі Ахметжан Есімов Момышұлы көшесінің жабылуы туралы қауесетті жоққа шығарды.

Алматы əкімі Момышұлы көшесінің жабылуы туралы қауесетті жоққа шығарды

"Момышұлы көшесін жабу дегеніміз ақылға сыймайды. Бұл үлкен даңғылды бұзу үшін салдық па? Əр адам өзінің жұмыс орнына жету мүмкіндігін жоғалтпауы қажет. Қанатқақты жоба үшін бағдарларды жақсылап ойлап алу керек",- деді қала басшысы.

Ахметжан Есімов Алматыда ешқандай көшенің жабылмайтынын мəлімдеді.

"Мəселе көшенің жабылуында емес, адамдарға жаяу жүру үшін жағдай жасауда. Алматының əр ауданынан тұрғындарға демалуға мүмкіндік беретін бірнеше аймақты белгілеп алдық",- деді ол.

Белгілі урбанист Ян Гейлдің көмекшісі Рикардо Марини Алматының өзіне тəн жеке ерекшеліктерін ескеру керектігін атап өтті.

"Əр қаланың өзіндік ерекшелігін ескеру ұзақ мерзімді бағдарламалардың жүзеге асуының бірден-бір кепілі",- деді Р.Мартини.

Я.Гейлдің қалалық ландшафтты жаңғырту бағдарламасы ең алдымен қала тұрғындарының өмір сүруін жайлы етуге бағытталған. Сондай-ақ болашақта мегаполисте автокөліктердің санын қысқартып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен веложолдардың маңызын арттыру қарастырылған.