Алматы киностудиясының 70 жылдығына орай жұлдыздар аллеясы ашылды

АЛМАТЫ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда VII Халықаралық кинофестивалі шеңберінде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында қазақ кино майталмандарына арналған жұлдыздар аллеясының ресми ашылу салтанаты болып өтті.
None
None

Бұған дейін, жұлдыздар аллеясына қазақ киносының дамуына үлес қосқан Шәкен Айманов, Сұлтанахмет Қожықов, Мәжіт Бегалин, Абдолла Қарсақбаев, Сералы Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Әмина Өмірзақова, Әнуар Молдабеков, Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жантөрин, Кененбай Қожабеков сынды кино майталмандарына естелік жұлдыздар қойылған болатын. Енді олардың қатарына тағы да 3 естелік тақталар қосылды. Ол "жұлдызды тақталар" - КСРО-ның және Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр және кино актері Асанәлі Әшімовтың, кинорежиссер, суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Отан" орденінің иегері, қазақ анимациялық өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың және кинорежиссер, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Отан" орденінің иегері, қазақ ұлттық деректі кинемотографиясының негізін қалаушылардың бірі Ораз Әбішевтің құрметіне орнатылды.

"Бүгіннен бастап ұлттық киножұлдыздар алллеясы өзінің мемориалдық сипатына ие болып қане қоймай, бүгінде жер басып, өмір сүріп жатқан ағаларымыздың аттарымен толықтырылды. Бұл жұлдызды аллея өткен адамдарға ғана құрмет емес, сонымен қатар, бүгінде көзі тірі, қасымызды жүрген, қазақ киносының дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың да тірі кезінде еңбегін бағалау үшін жасалған құрмет", - деп атап өтті Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ермек Аманшаев аллеяның ашылу салтанатында.

Оның айтуынша, аллеяның ашылуы Алматы киностудиясының 70 жылдығына арналған. "Көзі тірі кезімде жұлдызды тақта қойып жатқаны бір жағынан ыңғайсыз, екінші жағынан қуанышымды да жасырмаймын. Мен бұл тақтаны менің еңбегіме берілген баға деп білемін",-деді Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Соңғы жаңалықтар