Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің объектілерін модернизациялау қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес іске асуда, деп хабалайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшті

Кітапханаларды модернизациялаудың басты міндеті - қызметтердің сапалы жаңа жүйесін құру, кітапханаларды білім алу, коммуникация және бос уақытты өткізу үшін көпфункционалды орталықтарға айналдыру.

Алматылықтардың азаматтық, шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту және оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қаланың әр ауданында орналасқан 25 кітапхана қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Солардың бірі - Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, мұнда күн сайын 500-ден 1500 дейін оқырманға арнаған заманауи оқу орталығы құрылды.

2019 жылы № 15, 20, 24, 32, 33 филиал кітапханалары қайта жасалды, 2020 жылы № 1, 4, 6, 26, 29, 30 кітапхана заман талабына сай жаңартылды. Олардың ішінде А.Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана, Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы, Қазақстан Жазушыларының кітапханасы бар.

Кітапханалардың заманауи дизайны уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік береді, бұл шығармашылық оқырмандар қауымдастығының кездесулерін, шеберлік сыныптарын өткізуге ыңғайлы алаң.

Кітап қоры интернетте жалпыға қол жетімді, жайлы бөлмелер жабдықталған, пайдалы ақпаратты жылдам табуға көмектесетін заманауи технологиялар қолданылады. Балалар мен жас оқырмандар үшін ойындарға, демалуға және кітап оқуға қолайлы жағдайлар жасалған.

Модернизациядан кейін жаңа кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар алматылықтар өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыратын, демалып, жүздесетін орынға айналады. Сонымен қатар, жаңа кітапханалар әртүрлі санаттағы оқырмандар үшін еркін үйірмелер жұмысын ұйымдастыруда.

2020 жылдың желтоқсанында «ALATAU CREATIV HAB» жаңа шығармашылық орталығы ашылды. Мұнда тұрғындарға жаңа кітапхананың жұмысы ұсынылады, балаларға арналған білім беру іс-шаралары, тұсаукесер, тренингтер және 20 тегін үйірмелердің жұмыстары ұйымдастырылған.

2021 жылы кітапхана жүйесін қайта жаңғырту қалған үш кітапхана филиалында жүзеге асады. Олар: №39 балалар филиалы (Достық даңғылы, 111/4), №14 бұқаралық кітапхана филиалы (Римский-Корсакова көшесі, 3) және Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы.