Алматы клиникаларына атыс салдарынан жапа шеккен 8 адам жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, кешкі сағат 17.00 жағдай бойынша қаланың медициналық ұйымдарында бүгін таңертең болған атыс салдарынан жапа шеккен 8 адам жатыр.
Жедел жәрдем ауруханасына 5 адам, орталық қалалық клиникалық ауруханаға - 2, А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығына 1 адам жатқызылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтынан.
Науқастардың жағдайы ауыр. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Клиникалар дәрілік заттардың қоры жеткілікті. Республикалық санитарлық авиация орталығы кез келген жағдайға дайын.