Алматы қоғамдық кеңесінің өкілдері референдумда белсенділік танытып жатыр

Ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқығын қорғаушы белсенді Богдан Джепка Түрксіб ауданында өз таңдауын жасады.
«Учаске қолжетімді етіп жасалған, әртүрлі топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін бәрі дайын. Брайль қарпі бар трафареттер мен құлаққабы бар компьютер де назардан тыс қалмапты. Мен өз таңдауымды жасадым», - деп атап өтті Богдан Джепка.
Қоғамдық кеңестің өкілі Марат Шибұтов халықты референдумға белсенді қатысуға шақырды.
«Тарихи оқиғаға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, бізде күн сайын референдум бола бермейді» ,- дейді саясаттанушы және қоғам қайраткері Марат Шибұтов.
Ұлан Іңкәрбеков те өз әсерін бөлісті.
«Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды инватаксимен учаскеге апарып-әкелу жақсы ұйымдастырылды, ал дауыс беру кабиналары қолжетімді және ыңғайлы», - дейді ол.