Алматы көлік прокуратурасы 1,2 млрд теңгені мемлекет қазынасына қайтарды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көлік прокуратурасы 1,2 млрд теңгені мемлекет қазынасына қайтарды. Семиреченск көлік прокуратурасы 2016 жылғы жасалған жұмыс туралы ҚазАқпарат тілшісіне баяндап берді.
«Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық салада 306 заңбұзушылық анықталды. 199 тұлға жауапкершілікке тартылып, 1055 азаматтың құқығы қорғалды. Сотқа дейінгі 10 тергеу ісі қозғалды, 18 арыз қанағаттандырылды. Бизнестің «тынысын тарылтқан» 12 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, 25 субьектінің құқығы қорғалды», - делінген хабарламада.
Оның ішінде темір жол қозғалысында 38 заңбұзушылық тіркеліп, 50 адам жауапқа тартылды. 7 жолаушы вагонының жұмысы тоқтатылды.
Прокуратура жазған актілердің нәтижесінде 1 млрд 220 млн теңге көлеміндегі қаржы мемлекет қазынасына қайтарылды.