Алматы комендатурасы: Нөмірсіз жүрген көліктерге ең қатаң шаралар қолданылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда көлік иелері мемлекеттік нөмерсіз жүруіне болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы комендатурасына сілтеме жасап.

Алматы комендатурасы: Нөмірсіз жүрген көліктерге ең қатаң шаралар қолданылады

«Автокөлік иелері қалада мемлекеттік нөмірмен жүруі және өздерімен бірге қажетті құжаттары болуы тиіс. Мемлекеттік нөмірі болмаған автокөліктер мен олардың иелеріне төтенше жағдай режимінің ең қатаң санкциясы қолданылады» делінген хабарламада.