Алматы қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат салдарынан 60 адам көшірілді

ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат салдарынан 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді,

Алматы қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат салдарынан 60 адам көшірілді

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Кеше кешкі сағат 21:27-де Алматы қалалық ІІД пультіне «Астана» қонақ үйіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түсіп, 60 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.