Алматы қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат салдарынан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді

ТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат салдарынан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Алматы қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат салдарынан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Атап айтқанда, бүгін түнгі сағат 02:16-да 101 қызметінің пультіне Әуезов ауданында орналасқан «Экспресс» қонақ үйіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түскен. Соның салдарынан қонақ үйдегі 20 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ықтимал төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.