12:55, 09 Маусым 2023 | GMT +5
Алматы-Қорғас тасжолында бетон плиталар көтеріліп кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 8 маусым күні Алматы-Қорғас тасжолының 190-шақырымында бетон плиталар көтеріліп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның видеосы әдеуметтік желіде тарап жатыр.
Бұл ақпаратты «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметі де растады.
«8 маусым күні шамамен кешкі сағат 20:25-те оңтүстік бағыттағы жолдың 190-шы шақырымында жолдың жүру бөлігінде цемент-бетон жабыны көтеріліп кетті. Бүгінгі күні жоғарыда аталған олқылықты жою жұмыстары аяқталды. Көліктердің қауіпсіз қозғалуы қамтамасыз етілді», - деп жауап берді «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын күннің қатты ысуынан Алматы-Қорғас тасжолының 86 шақырымында бетон плиталар қозғалған болатын.