Алматы қорығын мекендейтін маралдар видеоға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маралдар Алматы қорығының Оң Талғар, Сол Талғар, Орта Талғар, Манах, Логунова, Кішібұлақ, Қарбастау шатқалдарында орнатылған фототұзақтарға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қорығын мекендейтін маралдар видеоға түсіп қалды
Видеодан алынған кадр

Сондай-ақ аталмыш жануар 3400 метр биіктікте, «Сақтар жазығына» қойылған фототұзақтың алдынан да өткен.

Байқағандарыңыздай, бұл тұяқтылар күндізге қарағанда кешке, түнде, таңсәріде белсенді.

Айта кету керек, жүргізілген санақ бойынша Алматы қорығы аумағында 75 марал мекен етеді.