17:08, 26 Қараша 2018 | GMT +6
Алматы көшелерімен денсаулық автобусы жүріп өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - "Өз мәртебеңді біл" Дүниежүзілік науқаны шеңберінде Алматы көшелерінде денсаулық автобусы жүріп өтеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
"Кез келген адам АИТВ-ға жедел тест жасап, мамандардың кеңестерін ала алады. Денсаулық автобусы Төле би көшесі бойымен қаланың орталығына қарай жүретін болады. Қозғалыс 12:00 де Төле би-Момышұлы көшесінен басталады. Автобус аялдамаларда тоқтап, ниет білдірушілерді күтетін болады",- деді Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен "Реванш" қоғамдық қорының өкілдері.
Тестілеу, жасырын және тегін түрде жүргізіледі. Әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес биыл отызыншы рет аталып өтілуде. 15 қарашада басталған "Өз мәртебеңді біл" науқаны 15 желтоқсанға дейін жалғасады.