Алматы көшелерінде 200 жаңа автобус пайда болады

Кездесу барысында қала әкімі жыл сайын дәстүрлі өтетін «Қазақстандағы Германия экономикасы күні» дәстүрлі форумына және германдық кәсіпорындарға серіктестікпен бірлескен жұмысты өзара тиімді шешуге, нақтыланған ииновациялық жобаларды талқылауға арналған тұсаукесерлік алаңдарға айналғандығын айрықша атап өтті.
Жаңа автобустарды іске қосу «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жүргізілуде.
Сауда-өнеркәсіптік палаталар одағының президенті Петер Кулитц атап өткендей, түрлі аймақтардан жиналған экономика саласында қызмет атқаратын делегаттар, Қазақстанның ең ірі экономикалық орталығына іскерлік белсенділіктерімен және олардың мүмкіндіктерімен танысу үшін келген.
«Германия Еуропалық одақта Қазақстанның басты серіктесі болып табылады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар, экономиканы тұрақты серпінді түрде нығайту және өзара іс-қимыл жасасудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырен сипатталады. Сондықтан Алматы қаласы Германиялық кәсіпорындардың нарыққа шығуына және Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде инвестициялық қызметті жүзеге асыруға жәрдемдеседі» - деді өз сөзінде Бауыржан Байбек.
Сол күні Қазақстандық «FalconEuroBus» компаниясымен және «Daimler AG» автомобиль құрылысы концерні арасында шартқа қол қойылып, қалалық бағыттарда қызмет көрсету үшін заманауи 200 «Мерседес» автобустарының іске қосылуы жоспарланды.«FalconEuroBus» компаниясы 24 миллиард теңгеден астам еуростандартқа сай жолаушылар көлігінің паркі құрылысын инвестициялайды. Әуезов ауданындағы жер учаскесінің батыс бағытындағы Төле би мен Яссауи көшелерінің қиылысында 7 гектарлық жер аумағында орналастырылатын әкімшілік ғимараты, 2 қосалқы бөлшектер қоймасы, жөндеу орыны, жанармай құю бекеттері,автобустарға арналған 255 жабық тұрақтары, сонымен қатар қызметкерлер үшін оқу орталығы салынуы мүмкін. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Германиядан алғашқы 5 еуростандарттық 20 автобус паркке келіп түседі деп күтілуде.
«Алматы қаласында көлік инфрақұрылымын жетілдіру сұрақтарына зор көңіл бөлінеді. Біздің бұл бағыттағы ең негізгі өлшемшарттарымыз - сапалы автопарктер, жоғары деңгейде қызмет көрсету және білімді де білікті мамандар дайындау болмақ. Бұл автобустар шаһарымыздың шырайын келтіріп, әсіресе Универсиада-2017 қарсаңында «Мерседес» маркалы автобустарының сапасы мен жайлылығын кез-келген жолаушы мен қонақтар да сезініп, бағасын береді деген ойдамын» - деді қала әкімі.
«Daimler Bus» директорының сөзіне орай, Солтүстік Еуропадағы маркетинг және сату бойынша, Шығыс Еуропа және Орталық Азия Хакан Йонссонаның - бұл тек қана Қазақстанда емес, Орталық Азиядағы алғашқы жобасы болып саналады.
«Қуантарлығы, қала әкімдігі жолаушылар көлігі жобасын белсенділікпен қолдауда. Біз жетістікке жету үшін екіжақтылық әріптестікке зор сенім артамыз. Жалпы «Мерседес» автобусы экологиялық жағдайды жақсартуға, қоғамдық көліктердің инфрақұрылымын бір қалыпқа түсіруге өз үлесін қосады деп ойлаймын» - деді Х.Йонссон сөзін жалғастырып.
Сонымен қатар қала әкімі Германия Федерациялық Республикасының Қазақстандағы елшісі Рольфом Мафаэлеммен және Алматы қаласындағы ГФР бас консулы Йорн Розенбергпен кездесті. Кездесу барысында болашақта әріптестік байланысты нығайту мәселелері кеңінен қарастырылды.