Алматы көшелерінде автоматты суару жүйесі орнатылады

Жасыл аймақтарды суарумен қамтуды ұлғайту үшін ұзындығы 38 шақырым болатын 13 магистральдық көше бойында автосуару жүйесін орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы көшелерінде автоматты суару жүйесі орнатылады
«Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бюджет қаражатынан 99,3 млн теңге бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталып, IV-ші тоқсанында аяқталады»,- деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, мегаполисте 20 қыркүйекте күзгі көшет егу науқаны басталады. Оның аясында 300 мыңға жуық көшет егіледі.

Қазір көгалдандырушылар технология бойынша көшет отырғызғанға дейін 5-10 күн желдетілуі тиіс шұңқырларды қазып, топырақты дайындауға кірісті. Күзгі ағаш егу науқаны қаланың барлық ауданын қамтиды.