Алматы көшелерінде техникалық жағынан жарамсыз автобустар жүр

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы көшелерінде жүрген автобустардың арасында техникалық жағынан жарамсыздары көп.
None
None
Бұл қалалық жол полициясы мамандары жүргізген «Автобус» жедел-сауықтыру шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазіргі таңда қала көшелерінде жүрген автобустардың көпшілігінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз күйде. Қоғамдық көлік жүргізушілері көп жағдайда жол инспекторларының ескертуін орындай бермейді, жол ережелерін бұзу жиі орын алады. Оларды айыппұл салу шаралары да тоқтата алмай отыр», дейді жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полковник Ермек Құсайынов.Оның айтуынша, осының салдарынан бірқатар жол апаттары орын алған. Мәселен, 21-ші ақпан күні Рысқұлов даңғылында №137 автобустың жүргізушісі көлікті дұрыс басқара алмай бетон қабырғаға соғылған. Нәтижесінде 5 адам жарақат алған. «Бұл автобустың техникалық жағдайы мәз емес. Доңғалақтары әбден тозғандықтан, автобус еріген қардың бетімен сырғанап барып қабырғаға соғылған. Жолаушылардың орындықтары қолдан жасалған. Бұл ережеге қайшы», дейді Е.Құсайынов.Оның айтуынша, жедел-сауықтыру шарасының қорытындысы бойынша бірқатар автопарктердің басшылығы әкімшілік жауапқа тартылмақ. Ал жоғарыда айтылған автобус қожайындары бұған дейін 5 жарамсыз автобусты жұмысқа шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көрінеді.
Соңғы жаңалықтар