Алматы көшелерінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«28 сәуірде газ желілерін тартуға байланысты Наурызбай ауданыдағы Қонаев көшесі бойымен Гроза көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі жол таңғы сағат 8:00- ден кешкі сағат 20:00 -ге дейін жабылады», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильдік басқармасынан.
Сонымен қатар, бүгін жоспарға сай жөндеу жұмыстары барлық ауданда жүргізіледі.
Алатау ауданы: «Зерделі» шағынауданы мен Мөңке би көшесі.
Жетісу ауданы: «Айнабұлақ» шағынауданы мен Есім хан, Қазыбаев көшелері.
Әуезов ауданы: « Ақсай 4,5» ауданы, № 2 ықшамауданы.
Наурызбай ауданы: Ақбата, Кеңесары хан, Сәке батыр көшелері.
Алмалы ауданы: Бекетов, Мәуленов, Карьерная көшелері.
Медеу ауданы: Уәлиханов,Төлебаев, Игишева көшелері.
Турксіб ауданы: Баймағамбетов, Айтықова көшелері мен «Жас Канат» шағынауданы.
Бостандық ауданы: Баязит, Мұстафин, Өзтүрік, Қожакеев, Биокомбинатская көшелері мен «Көктем 1, 2» шағынауданы.