Алматы көшелерінен 230 текше метр қар шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы көшелерін қардан тазартуға 596 арнайы техника мен 1610 жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы көшелерінен 230 текше метр қар шығарылды

Алматыда 20 желтоқсан күні сағат 13.30-да жауа бастаған қар үзіліспен әлі де жауып тұр. Осы аралықта қалаға – 6 см, таулы аймақтарға 8-10 см қар түсті.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Көктайғаққа қарсы 4100 тонна материал пайдаланылды.

Қала көшелерінен 230 текше метр қар шығарылды.

Қар күреуге 596 техника және 1610 жол маманы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде бұл жұмыстарды тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін ауа температурасы күндіз -6, кешке -8 болады. Қар күннің бірінші жартысында тоқтайды.