Алматы көшелерінің бірінде автомобиль отқа оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінің бірінде автомобиль отқа оранды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«25 желтоқсанда сағат 16.21-де Алматы ТЖД пультіне: Медеу ауданындағы Төле би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында автомобиль жанып жатыр деген хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 7 минуттан кейін, яғни сағат 16.28 -де оқиға орнында болды», делінген хабарламада.

Оқиға расталды, элект сымдарының тұйықталуынан от ұшқындап, көлік өртенген.

Жалын тілі 16:32-де ауыздықталды және 16:35-те толықтай сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар