Алматы көшесін ыстық су басты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылу құбыры жарылып, көшені ыстық су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Апат Бөкейханов пен Райымбек көшелерінің қиылысында болған. Оқыс оқиғаның суреті мен видеосын әлеуметтік желіде куәгерлер жариялап жатыр.




3 көлік ыстық суға батып қалды. Жүргізушілер көлігінің төбесіне шығып кеткен.