Алматы құрамасы қысқы спартакиадада жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қысқы спорт түрлерінен өткен IV республикалық спартакиадада Алматы құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Спартакиада - төрт жылда бір ұйымдастырылатын жарыс. Оның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, Қазақстанның үздік спортшыларын анықтау және ұлттық құраманың толағайларын халықаралық жарыстарға дайындау.

Биылғы жарыс қысқы спорттың 17 түрінен өткізілді. Оның 7-еуі Алматыда өтті. Олар: шорт-трек, керлинг, қыздар арасындағы шайбалы хоккей, фристайл, шаңғы қоссайысы, шаңғымен тұғырдан секіру, тау-шаңғы спорты. 

Спартакиаданың қорытындысы бойынша, Алматы құрамасының спортшылары жалпы командалық есепте 571 ұпай жинап, жеңіске жетсе, Шығыс Қазақстан облысының командасы 558 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал қола жүлдені 388 ұпаймен Астана қаласының спортшылары қанжығасына байлады.

Айта кетер жайт, бұл спартакиада Қазақстанның 14 командасының қатысуымен еліміздің алты қаласы және облыстарында өткізілген болатын.
null 

Командалар жинаған ұпайлары арқылы рет-ретімен келесі орындарға жайғасты:

Алматы (357), Солтүстік Қазақстан (353), Ақмола (267), Қарағанды (205), Қостанай (148), Ақтөбе (140), Павлодар (122), Батыс Қазақстан (102), Жамбыл (86), Оңтүстік Қазақстан (65) және Маңғыстау (56) облыстары.

Естеріңізге сала кетсек, алдында өткен 3 спартакиадада Шығыс Қазақстан облысының спортшылары қатарынан жеңімпаз атанған болатын. Осы жолы алматылықтардан тек 13 ұпай ұтылып, екінші орын алды.

Соңғы жаңалықтар