Алматы «қызыл» аймақта: Әкімдік қандай шаралар қабылдауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирустың және инфекцияның «дельта» штамының тез таралуына байланыста күшейтілген шаралар қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 26 маусымда Қазақстан аймағында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы 5 күндік «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өтті. Бір тәулік ішінде коронавируспен сырқаттанудың 217 жағдайы анықталды.

Қалада мониторингілік топтардың белсенді жұмысы жалғасуда, 2 856 рейд өткізілді, 26 938 нысан қамтылды, карантиндік шектеулерді бұзған 2 410 (9%) нысан анықталды.

Сондай-ақ Алматыда қоғамдық орындарда карантиндік шаралар күшейтілді. Саябақтарға, скверлерге, хайуанаттар бағына, қала базарларына кіреберісте бетперде сату және қауіпсіздік шаралары туралы дыбыстық хабарлау ұйымдастырылуда, санитарлық патрульдердің жұмысы күшейтілді.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында тұрғындарды вакциналау қарқыны да артты.

25 маусымда Алматыда 413 703 адам вакцина алды. Алдыңғы тәулік ішінде 10 725 адам егілді. 60 жастан асқан вакцинацияланған адамдардың жалпы саны - 59 590.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында 208 вакцина пункт і жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 256 адам жұмылдырылған 307 екпе бригадасы қызмет атқарады.

Бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты қамтитын карантиндік шараларды қатаң сақтау, сондай-ақ көпшілік жиналатын орындарға бармаған жөн. Денсаулықты қорғаудың жалғыз жолы - вакцина алу.


Соңғы жаңалықтар