«Алматы – Манама» туристік чартерлік рейсі қатынай бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыс шеңберінде биылғы 28 маусымынан Қазақстан мен Бахрейн арасында «Алматы – Манама» бағытымен туристік чартерлік рейстер іске қосылды.
Рейстер «SCAT» әуе компаниясымен аптасына 1 рет (сәрсенбі күндері) жиілікпен Boeing-737 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
Осы халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени, іскерлік, инвестициялық және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.