Алматы маңайынан із-түзсіз жоғалып кеткен 6 адам табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңайынан із-түссіз жоғалып кеткен 6 адам табылды. Бұл туралы Алматы қалалық лаңкестікке қарсы жедел штабтың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы маңайынан із-түзсіз жоғалып кеткен 6 адам табылды

Нақтырақ айтсақ, 6-25 қаңтар аралығында Алматыға жақын елді мекендерде сауықтыру шаралары өткізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл шаралардың уақытша тіркеуге қатысы жоқ, олар қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Тексеру барысында Алматы облысының 5 ауданы түгел қаралды. Есепте тұрған 4 мың тұлға, оның ішінде бұрын сотталғандар мен жүйке жүйесі ауруына шалдыққан адамдар тексерілді.

«Үш күн ішінде 14 қылмыскер ұсталды. Бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 6 адам табылды. Көші-қон туралы заңды бұзған 346 шетелдік азамат қамауға алынды. 12 адам сыртқа шығарылды. Сондай-ақ, жігіттерге жабысқан 49 бойжеткен мен ғимаратты осы мақсатта жалға берген 7 тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолданылды. Сондай-ақ, жедел әрекет аясында 5 мың 951 қару иесі тексеріліп, 219 қару тартып алынды. Сонымен қатар, жол ережесін бұзған 1640 адам жазаға тартылды», - делінген хабарламада