Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында өте қатты аяз сақталып отыр - 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, 2012 жылдың 25 қаңтарында Қазақстанның басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болады.

Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында өте қатты аяз сақталып отыр - 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қызылорда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады деп күтілуде.

Ақтөбе облысында кейбір жерлерде бұрқасын, желдің секундына 18 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман, күндіз желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 18-20 метрден 28 метрге дейін күшеюі сақталалады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында - кейбір жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында кейбір жерлерде өте қатты аяз сақталып отыр, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында да кейбір жерлерде қатты аяз сақталады.

Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген өзендерінде мұз қату үрдісі жалғасып, өзендердің арналары көтерілуі, соның салдарынан жекелеген өзендер арналарынан асып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.