Алматы маңында апатқа ұшыраған Challenger-200 ұшағы бойынша тергеу нәтижесі алдағы жылдың басында жария етіледі - Б. Сағынтаев
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы маңында «Скат» әуеакомпаниясының жолаушылар ұшағының апатын тексеру нәтижесі алдағы жылдың басында жария етіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бұл қайғылы оқиғаны тергеу шараларына ұшақты шығарған зауыттың мамандары, Канада мен АҚШ авиациялық билігінің және Халықаралық авиациялық комитетінің өкілдері жұмылдырылды.
«Біз мәліметтерді енді ала бастадық, сотмедсараптама бойынша шешім деректері түсе бастады, сондай-ақ ұшудың үлгілеу жұмыстары жүруде. Менің ойымша, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін алдағы жылдың басында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі деңгейінде жұмыс істеп жатқан сарапшылар ресми мәлімдеме жасайды», - деп нақтылап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қаңтарында "Скат" әуекомпаниясының Challenger-200 ұшағы Алматыдағы әуежайға қонуға айналып келе жатқанда апатқа ұшырады. Салдарынан экипаждың 5 мүшесі мен 16 жолаушысы опат болды.