Алматы маңында болған ұшақ апаты туралы іс бойынша сотталған SCAT ұшу қызметінің директоры бостандыққа шықты

«Екі ай бойы күткен үмітіміз ақталды. Кеше Шымкент әуежайында Вячеслав Михайловичті күтіп алдық. 24 маусымда Алматы сотында Артеменко ісі бойынша апелляция өтті. Нәтижесінде ол бостандыққа шықты. Ең бастысы, оның қызметіндегі барлық шектеулер алынды. Оның дауысын естіп, мойымаған жігерлі жүзін көргенім үшін қуаныштымын. Барлық қолдау білдіргендерге рахмет. Артеменконы қорғаған қаза тапқандардың туысқандарына рахмет. Барлығына алғысымыз шексіз», - деп жазды ол.
Еске салсақ, Н. Артеменко ҚР ҚК 295-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Оған қоныс колониясында жазасын өтей отырып, бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
2013 жылы 29 қаңтарда Талғар ауданында екінші айналымға шыққан CRJ-200 әуе кемесі «Байсерке-Агро» ЖШС аумағында апатқа ұшырады. Жерге соғылған ұшақ күл-талқаны шықты. Ішіндегі бес экипаж мүшесі, 16 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.