11:29, 06 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алматы маңында халықаралық авиациялық хаб құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы маңында халықаралық авиациялық хаб құрылады.

Бұл туралы «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Азаматтық авиация саласында әуе тасымалдары, ең алдымен, отандық тасымалдаушылардың транзиттік әлеуеті мақсатты түрде ұлғайтылатын болады. Әуе тасымалдарының рентабельділігін арттыру үшін Алматы маңында халықаралық авиациялық хаб құрылады», - деп атап өтті Елбасы.
Сондай-ақ, Президенттің хабарлауынша, Астананың әлемдік деңгейдегі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін 2019 жылға дейін Токио, Сингапур және Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен жаңа халықаралық бағыттар ашылатын болады.