18:04, 27 Желтоқсан 2019 | GMT +5
Алматы маңындағы әуе апатына байланысты телемарафон өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» телеарнасында әуе апатына байланысты телемарафон өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Хабар» телеарнасы бүгін Алматы маңында болған әуе апатына байланысты кешкі сағат 19.00-22.00 аралығында тікелей эфирден арнайы телемарафон өткізеді», - делінген хабарламада.