Алматы маңындағы Первомайский тоғаны ауданында өрт шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы маңындағы Первомайский тоғаны ауданында орналасқан өнеркәсіптік аймақта қураған ағаш өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы маңындағы Первомайский тоғаны ауданында өрт шықты

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған дерекке сәйкес, қураған ағаштың өртеніп жатқаны туралы ақпарат сағат 13:33-те түскен.

«Өрт шыққан жерге Боралдай ауылының №9 өрт сөндіру бөлімшесінің 5 маманы мен екі техникасы, Өтеген батыр ауылының №8 өрт сөндіру бөлімшесінің 6 маманы мен екі техникасы, Алматы қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру және №19 бөлімшесінің 8 маманы мен екі техникасы жұмылдырылды. Сағат 15:28-де өрт оқшауланды», - деп атап өтті облыстық департаменттен.

Айта кетсек, Алматыдағы көтерме сауда дүңгіршектері отқа оранып, өрт сөндірушілер 25 минуттың ішінде қызыл жалынның одан ары таралуына жол бермеген еді.

Сондай-ақ, Алматыдағы «Саудакент» базарынан да өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.