Алматы маңындағы республикалық жолдарда жаңа проекциялық өткелдер пайда болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы республикалық маңызы бар тасжолдарда жаяу жүргіншілерге арналған бес жаңа проекциялық өткел орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жаңа проекциялық өткелдер елді мекен, оқу орындары және медициналық көмек көрсету пунктілерінің жанынан орнатылды.

А-2 «Өзбекстан шекарасы (Ташкент) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас» тасжолының 29 шақырымында (Қарасай ауданы, Барыс автобазары жанында);

А-4 «Алматы - Шамалған - Ұзынағаш-Аққайнар-Сұраншы батыр-ҚР шекарасы» тасжолының 52 шақырымында (Жамбыл ауданы, Қарғалы кентінің жанында);

М-36 «Ресей шекарасы (Екатеринбург) - Алматы» автожолының 40 шақырымында (Қарасай ауданы, Қошмамбет кентінің жанында);

А-2 «Өзбекстан шекарасы (Ташкент) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас» тасжолының 24 шақырымында (Талғар ауданы, Панфилов кентінің маңында);

Р-17 «Алматы-Талғар-Бәйдібек би» тасжолының 15 шақырымында (Талғар ауданы, Белбұлақ кентінің жанында) орнатылды.

«Арнайы гобо-проекторлардың көмегімен ауа райының кез келген түрінде автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолдағы ақ-сары жаяу жүргіншілер жолақтарын көре алады. Проекция жүргізушілерге жолдан өтіп бара жатқан адамдарды 100-150 метр қашықтықтан байқауға мүмкіндік береді», - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Айта кетейік, бұған дейін осыған ұқсас 30-ға жуық проекциялық өткел еліміздің тоғыз өңіріндегі республикалық маңызы бар тасжолдардың бойында да орнатылған.


Соңғы жаңалықтар