Алматы маңындағы тау бөктерлерінің 37 гектар жеріне ағаш отырғызылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2011 жылы сұрапыл дауылдың салдарынан тау бөктерлерінде көптеген ағаштардың жапырылып құлап қалуына байланысты, биыл онда 37 гектар жерге ағаш отырғызылады. Бұл туралы бүгін Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағының директоры Марлен Айнабеков мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, 2011 жылдан күні бүгінге дейін тау баурайларындағы 464 гектар жер құлаған ағаштардан тазартылған.

«Биыл 37 гектар жерге ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Тау бөктерлерінен жалпы көлемі 100 мың текше метр болатын орман ағаштары шығарылды. 2012 жылы 43,5 гектарға ағаш отырғызған болатынбыз. Ал жалпы, 2015 жылға дейін 122,5 гектарға ағаш отырғызу көзделген. Осы және басқа да орманды қалпына келтіру жұмыстарына 87 млн. теңге, ал орманды қорғау шараларына 35 млн. теңге бөлінген»6 - деді ұлттық саябақтың директоры.

Одан басқа, М. Айнабеков биыл әдеттегідей жылсайынғы «Саябақтар шеруі-2015» табиғатты қорғау бағдарламасы қолға алынатындығын айтты. Осы шара аясында саябақтың аумағы қоқыстардан тазартылып, әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылатын болады. Сонымен қатар алдағы 19 сәуірде Мохнатка тауында «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар