Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуежайның маңында ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен 2 адам Алматы қаласындағы №4 қаалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ұшақ апатынан зардап шеккен 2 адам Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұған дейін олар Іле аудандық ауруханасына жеткізілгені туралы жазылған болатын.

Еске сала кетсек, бүгін Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады.

«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды. Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған», - деді әуежайдың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар