13:40, 20 Шілде 2015 | GMT +5
Алматы-Мәскеу ұшағының бортында жолаушы қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан ұшқан рейс жолаушы қайтыс болып, Самара әуежайына шұғыл түрде қонуына тура келді, деп хабарлады РИА Новости «Курумоч» әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматыдан Мәскеуге ұшқан ұшақ Самара әуежайына мәжбүрлі қонуына тура келді. Оған себеп жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер жеткенше, әйел жан тапсырды. Дәрігерлер бортқа жеткенде, оның қаза тапқанын анықтады», - деп хабарлады агенттіктен.
Ұшақ сағат 07.00-де қонған. "Трансаэро" авиакомпаниясының ұшағы Самарадан Мәскеуге сағат 08.15-те (мск) ұшып кетті.