Алматы мектептеріне мұғалімдер электронды түрде қабылданатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Білім беру басқармасы мектеп басшысы құрамы мен мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесін авоматтандыруды қолға алмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жұмысқа қабылдауда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі. Білім саласы қызметкерлері тарапына жемқорлық мәселесі бойынша жиі сын айтылып жатады. Сондықтан, мектептердің порталында барлық бос орындар жарияланатын болады. Кез-келген қажетті білімі бар адам бос орынға тапсырыс бере алады. Жұмысқа қабылданбаса, барлық жұмыс беруші қабылдамау себебін түсіндіруге міндетті», - деді басқарма басшысы Гүлнар Қожабергенова.

Сонымен қатар, мектепішілік немесе сыртқы лагерьлерге оқушы қабылдау процесі де автоматтандырылады.

Жыл сайын жергілікті бюджеттен көпбалалы немесе әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балаларын лагерьге жіберуге қаржы бөлінеді.

«Биыл 232 млн теңге бөлінді. 4 мыңға жуық бала демалып келді. Келесі жылдан бастап бала іріктеу процесін де автоматтандыратын боламыз. Ата-аналардың өздері портал арқылы өтінім қалдыратын болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram