Алматы мен Астанада 19 маусымда Халықаралық йога күні атап өтіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы мен Астана қалаларында алдағы 19 маусымда Халықаралық йога күні атап өтіледі. Бұл туралы бүгін Үндістанның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

Алматы мен Астанада 19 маусымда Халықаралық йога күні атап өтіледі

Алматыда бұл шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылады.    

2014 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Үндістанның бастамасымен 21 маусымды Халықаралық йога күні деп атау туралы қарарды бекіткен болатын. Оған 177 ел қолдау көрсетті. Олардың ішінде Қазақстанда да болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, қабалданған қарар бойынша Үндістан елін құттықтаған болатын.  

Йога Қазақстанда өткен жылдан бастап тойлана бастады. Бұл күні қазақстандықтар таза ауаға шығып, йоганың жаттығуларын жасады. Әртүрлі шеберлік сыныптары жүргізілді.   

Айта кетелік, йога Үндістан жерінде қалыптасқан рухани-практикалық және философиялық ілім.