Алматы мен Астанада әйгілi қазақстандық футболшы С. Байшақовтың мерейтойына арналған матч өтеді

Сейілдә Байшақов 20 жасында әйгiлі "Қайрат" құрамында өнер көрсете бастайды. Алғашқы ойын маусымында-ақ орталықтағы қорғаушы ретінде әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Натижесінде, Байшақовтың жұлдызды жолы 1971 жылы КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында жалғасып, ол сол жылдың ең үздік дебютанты атанады. Жоғары лигада ол 225 матч өткізіп, 7 гол соғады. Дәл осы, 1971 жылы Сейділда Байшақов "Қайрат" кұрамында Халықаралық теміржолшылар спорт одағының кубок иегерi атанады.
Ойыншылықпен қоштасқан соң да, Сейілдә Байшақов футбол әлемінен кеткен жоқ. Ұзақ жылдар бойы өзі өмір бойы ойнаған "Қайратта" жаттықтырушы, кейiн клубтың вице-президенті қызметін атқарды. Одан кейiн ардагер ҚР футбол федерациясына ауысты. Ол қазіргі уақытта федерациянын вице-президентi қызметін атқаруда.
60 жылдығын атап өтетін футбол ардагерін матч барысында онын достары, 70-80 жылдары «Қайратта» бірге өнер көрсеткен достары кұттыктайды. Олардың қатарында Құралбек Ордабаев, Диас Омаров, Юсуп Шадиев, Евгений Кузнецов, Виктор Абгольц, Михаил Гурман, Александр Хапсалис, Александр Убыкин, Асқар Қожабергенов, Сергей Волгин, Фанас Салимов және тағы да басқа футболшылар бар.