Алматы мен Астанадан Оралға ұшатын ұшақтар кейінге қалдырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауа райына байланысты Алматы мен Астанадан Оралға ұшатын ұшақтар кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы мен Астанадан Оралға ұшатын ұшақтар кейінге қалдырылды

Алматыдан Оралға Эйр Астана компаниясының ұшағы сағат 08.05-те ұшуы тиіс болатын. Ол әзірге сағат 09.30-ға қалдырылды. Сол секілді Астанадан Оралға 06.50-де ұшуы тиіс осы әуе компаниясының ұшағы да кідіртілуде.

Аталмыш компания қызметкерлерінің айтуынша, Оралда тұман болғандықтан, осындай жағдай орын алып отыр.