«Алматы» мен «Барыстар» баскетбол клубтарының арасындағы екінші матч 65:82 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық лигадағы ХХІ Қазақстан чемпионаты аясында ерлер арасында «Алматы» мен «Барыстар»( Атырау) клубтарының екінші матчы  өтті.

«Алматы» мен «Барыстар» баскетбол клубтарының арасындағы екінші  матч 65:82 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді

Онда алматылықтар алғашқы матчтағы өз басымдығын сақтап қала алмады. Бұл сайыста 1 кезең 15:19, екінші кезең 21:20, үшінші кезең 13:23, төртніші кезең 16:20 есбімен аяқталды.

Алматылықтар сейсенбі күні 80:71 есебімен  (17:17, 28:20,  17:19,  18:15)  жеңіске жеткен болатын. Онда ұпай айырмашылығы - 9 болса, сәрсенбіде қонақтар оны 17-ге дейін жеткізіп, жалпы есепте 145:153 есебімен жеңіске жетті. Енді алматылықтардың келесі қарсыласы  Ақтаудың «Каспий» клубы болмақ. Бұл сайысты да  24-25 қараша күндері өз алаңында өткізбек.