Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында тағы бір пойыз іске қосылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында қосымша тағы бір пойызды іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №205/206 пойызы Алматы-2 станциясынан 13 қаңтар күні кешкі сағат 22: 05 минутта жолға шығып, Нұр-Сұлтанға 14 қаңтар күні 19:06 минутта келеді.
№205/206 пойызы сол күні сағат 21:52 минутта Елордадан Алматыға қайта шығады. «Алматы-2» станциясына 15 қаңтар кешкі сағат 18: 25минутта келеді.
Билеттер туралы ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан немесе «Билеты КТЖ» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Еске салайық, жолаушылар пойызы қалпына келтірілді. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.
Еске сала кетейік, кеше Алматы мен елорда арасында 2 пойыз іске қосылған болатын.