Алматы мен Оңтүстік Қазақстан тұрғындары қар көшкіні жайында ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР ІІМ ТЖК Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкіндігі туралы ескертті.

Алматы мен Оңтүстік Қазақстан тұрғындары қар көшкіні жайында ескертілді

«Алматы облысында 24-26 наурыз аралығында қардың қалың болуы және таулы аудандардағы жылымыққа байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай, қары қалың бөктерлерге шықпауға кеңес беріледі. Тауда абай болыңыздар», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, 25-26 наурыз күндері нөсерлі жаңбырларға байланысты ОҚО-ның аласа таулы аймақтарындағы өзендерде жаңбыр мен еріген қар суының тасқындары күтіледі.

25-27 наурызда Талас Алатау, Өгем жотасында қардың көптігі,  жауын-шашын мен жылымық қар көшкініне алып келуі мүмкін.