Алматы мен Шымкенттен қатынайтын жолаушылар «Нұрлы жол» вокзалынан үйлеріне дейін 850 теңгемен жете алады
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» компаниясы Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалынан үйлеріне дейін 850 теңгемен жолаушы тасымалдайтын такси қызметін іске қосты. Бұл қызметті Алматы-Астана, Шымкент-Астана бағытында қатынаған жолаушылар пайдалана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жайында акционерлік қоғамның бас директоры Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде айтты.
«Пероонан үйге дейін» ілкі жобасы 17 сәуріде іске қосылды. Содан бері 300-дей адам пайдаланып көрді. Интемодальді тасымал қызметі біздің пойыздардан түсіп, автобусқа немесе маршурттық такисге отырған жолаушыларға көрсетіледі. Вагонда QR болады. Соны сканерлеп Астанада баратын үйдің мекенжайын жазу керек. Осылайша қарығы нүктеге жеутге болады. Қызмет құны – 850 теңге», - деді Жәнібек Тайжанов.
Жоба ел арасныда жағымды лебіздер тудырғанын ескерген компания басшылығы қызметтің аясына Астана аумағымен шектемей, кеңейте түсуді жопарлап отыр.