09:11, 27 Маусым 2023 | GMT +5
Алматы мен Сочи арасында әуе қатынасы қайта жанданады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша «Азимут» әуе компаниясы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушы рейстерін қайта бастайды.
Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалады.
Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.