Алматы мен Ташкент арасына жаңа пойыз қатынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы мен Ташкент арасына жаңа кузовты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыз қатынайды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Ташкентте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ делегацияларының кездесуі аяқталды. Онда бұрын екі ел үкіметтері уағдаласқан  №1/2 «Алматы-Ташкент» халықаралық жүрдек пойызын шығару туралы келісімді жүзеге асырудың техникалық тұстары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша төмендегі мәселелер пысықталып, шешімін тапты: мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларды алып жүретін адамдарға арналған орындарға 70% көлемінде өзара жеңілдік беру туралы, қол жүктері мен жүк багаждарын тасымалдау тәртібі туралы; №1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының қатынау кестесі туралы және т.б.

Наурыз мерекесінің қарсаңында жаңа тұрпаттағы кең кузовты «Тұлпар-Тальго»  вагондарынан тұратын №1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының жолға шығады.

Пойыз Алматыдан дүйсенбі мен сенбі күндері, ал Ташкенттен сейсенбі мен жексенбі күндері қатынайтын болады. Жолда жүретін уақыты шамамен 16 сағ 30 минут. Аялдайтын бекеттері: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент қаласы.

Соңғы жаңалықтар