«Алматы менің алғашқы махаббатым» ретро фестивалі өтті

МАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сенбі күні Алматыда «Алматы менің алғашқы махаббатым» дәстүрлі ретро фестивалі өтті.
None
None

Биыл 12-ші рет өткізіліп отырған фестиваль 90-жылдардағы әндерге арналды. Алматылық көрермен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ең танымал әндерді тыңдап, өткенге оралуға мүмкіндік алды. Әйгілі «Атамекен» әнімен Ескендір Хасанғалиев ашқан кеш сахнасына Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, Гуля Төлегенова, Лидо, Нұрлан Албан, «Ұлытау» тобы, Айгүл Бабаева, Олег Гостев, Алмас Кішкенбаев, Роман Ким, Евгений Гартунг, «Орда» тобы, Рахат Тұрлыханов, Ерболат Құдайбергенов және т.б әншілер шықты. Кештің басты жаңалықтарының бірі - тарап кеткен «Нұрлан мен Мұрат», «Ар-клуб», «Арқас» топтарының ән шырқауы болды. Олармен қатар Әсел Сағатова, Венера Нығматуллина, Гүлнар Досматова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әнуар Нұрпейісов, Евгений Жұманов сынды кино жұлдыздары, сондай-ақ тележұлдыздар да сахнадан бой көрсетті.

5 сағатқа созылған ән кешін Нағима Есқалиева, Сағынай Абдуллин, Айгүл Мүкей, Жантемір Баймұхамедов, Нұрлан Албан, Мадина Садуақасова, Нұрлан Қоянбаев пен Гүлнар Силбаева жүргізді. Кеш барысында фестивальдің авторы - Дариға Назарбаева да ән шырқады. Итальялық «Nella fantasia» әнімен қатар Д.Назарбаева кештің басты қонағы Филипп Киркоровпен бірге жұртшылыққа «Влюбленная душа» атты әнді ұсынды. Ресейлік әнші өзінің әйгілі әндерімен қатар, кеш қонағы болған Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы мен Қазақстандық әйелдердің құрметіне «Единственная моя» әнін арнады.

Фестиваль шымылдығын Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жапты. Соңында қала күні мен фестиваль құрметіне концерт өткен Халықаралық шаңғымен секіру тұғырынан мерекелік отшашу берілді.

Соңғы жаңалықтар