«Алматы - менің сүйікті қалам» атты фото байқау өтеді
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматыда қыркүйек айының 25-інен қазан айының 5-іне дейін дәстүрлі 4 қалалық «Алматы - менің сүйікті қалам» атты фото байқау өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны Алматы қаласы жастар саясатының мемлекеттік дамыту қоры мен Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы ұйымдастыруда.
«Фото байқаудың мақсаты - жасөспірімдер мен жастардың арасынан шебер фото-суретшілерді табу», дейді ұйымдастырушылар. Байқау «Алматы табиғаты», «Сәулет және қала рәмізі», «Алматы - жастар қаласы» атты номинациялар бойынша өтеді.
Қала күніне арналған фото байқаудың жеңімпаздарының салтанатты құттықтау рәсімі Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында өтеді. Таңдап алынған фото суреттер осы жерге қойылатын болады.