Алматы метрополитенінің салынып жатқан желісінің оң жақ тоннелі тесілді
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Кеше «Алматыметрокурылыс» АҚ-ы метрополитеннің салынып жатқан екінші кезегінің №122 вентиляциялық кешенінің оң жақ тоннелін тесіп өтті. Бұл шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев қатысты.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұл тоннелдің құрылысын тесіп өтетін КПЩ 12 кешендері жүргізуде.Тесіп өту 11 метрлік тереңдікте жүзеге асып, салынып жатқан « Мәскеу» және «Сайран» стансаларының ортасын бөлді. Бұл жұмыс толық аяқталған соң инженерлік коммуникациялар тартылып, жолдың жоғарғы бетіндегі құрылыстар жалғасатын болады.
«Сайран» стансасының жұмысы кестеге сай жүргізілуде. Оң жақтағы өткізу каналына біз екі тоннелді-щит өткізгіш кешенін орнаттық. Өткізу каналының оң жақ қапталынан «Сайран»стансасынан «Мәскеу» стансасына дейін 170 м. қалды. Біз жыл аяғына дейін осы екі стансаның екі монолитті бөлігінің құрылысын аяқтайтын боламыз», - деді Болат Сауранбаев.
«Алматыметрокурылыс» Сайран және Мәскеу стансаларының құрылыстары енген ұзындығы 2.74 км болатын құрылыс жұмысын атқаруда. «Алатау» стансасынан «Сайран» стансасына дейін 1847 м. жұмыс атқарылды, сол жағындағысының ұзындығы - 1508 м.
«Мәскеу» стансасындағы тесу жұмыстары келер жылы басталады. Жалпы тесіп өту жұмыстары Херенкнехт кешені арқылы жүруде. Тесу 2014 жылдың алғашқы тоқсанында жүзеге аспақ.
«Сайран» стансасы Абай даңғылы, Брусиловский, Тілендиев көшелерінің астына, ал «Мәскеу» стансасы Абай даңғылы, Өтеген батыр және Алтынсарин көшелерінің астында. Қазір бұларда монолитті темірбетон конструкциялар орнатылуда.