Алматы метросы тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріледі - А.Есімов
ЛМАТЫ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы метросының құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы бүгін метродағы рельстердің сапасын тексеріп көрген қала әкімі Ахметжан Есімов айтты.
«Байқоңыр» стансысынан басқа барлық стансылардың құрылысы биыл аяқталады. «Байқоңыр» келесі жылдың алғашқы тоқсанында іске қосылады. Биылғы жылы стансыларға эскалаторлар орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталады. Өрт қауіпсіздігі, автоматтандыру мен дабыл желісіне қатысты жабдықтардың барлығы сатып алынады. Бұл ретте бізге Елбасы қолдау білдірді, Парламенттің соңғы сессиясында Республикалық бюджетке өзгерістер енгізілді. Бұның нәтижесінде бізге 10,5 миллиард теңге бөлінді. Бюджет жоспары бойынша келесі жылы 24 миллиард теңге бөлінеді. Бұның бәрі бізге метроны тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға беруге мүмкіндік жасайды», - деді әкім.
«Сондықтан қажетті қаржы бар, құрылыс кестеге сай жүргізіліп жатыр деп айта аламын»,- деді А.Есімов.