Алматы метросында тағы екі станса салынады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросында тағы екі станса салынады. Бұл туралы бүгін Наурызбай ауданында өткен инвестициялық форум барысында «Метрожоба» ЖШС жобалардың бас инженері Павел Московчук мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қалқаман стансасы Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесі қиылысынан солтүстікке қарай орналасатын болады.
«Қалқаман стансасының құрылысы келесі жылы басталады. 2020 жылы Достық пен Сарыарқа стансалары салынып бітеді. Қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс мерзімі әлі айқын емес. Бәрі қаржыландыруға байланысты», - деді Павел Московчук.
Ал Елебаев және Байзақ батыр көшелерінің арасында «Западный» стансасы бой көтереді.
Осымен метрополитеннің бірінші желісі аяқталды.
«Западный» автобекеті көліктік-ауысу торабы (КАТ) болып табылады. Онда қоғамдық көліктің - халықаралық автобекет, ЖРК (жеңіл рельсті көлік), BRT (жүйрік автобус желілері) және метрополитен секілді бірнеше түрі орталықтандырылатын болады. Бұдан басқа, «Западный» автобекетінің аумағында қалаға кіретін азаматтарға машиналарын қалдыруға және қоғамдық көлікті пайдалануға мүмкіндік беретін жеке автомобильдерге арналған тұрақтар көзделген», - деді П.Московчук.
Аталған екі стансаның салынуымен Алматы метрополитенінің бірінші желісінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болады. Барлығы 13 станция болады. Мамандардың есебінше, метрополитеннің жолаушылар ағыны есеп бойынша күніне 100-110 мың адамға жетеді.