Алматы метросында театрландырылған қойылымдар болады

 АЛМАТЫ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 3 мамыр күні метро бекеттерінде 10 минуттық театрландырылған шағын қойылымдар өтеді. «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінің хабарлауынша,

Алматы метросында театрландырылған қойылымдар болады

бұл шара көктем мерекесіне орай қаланың мәдени өміріне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Пантомималар театрына  «Мәдениет үйі» шығармашылық үйінің актерлары қатыспақ. Ол 18:00-де Жібек жолы бекетінде басталып, Райымбек бекетінде аяқталады. Актерлар мен жолаушылардың қатысуымен өтетін бұл қойылымдар әртүрлі тақырыптарды қамтиды деп жоспарлануда.