Алматы метросында жұмысшы қаза болды
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат - Салынып жатқан Алматы метросында бетон қабырғаның құлап кетуінің салдарынан бір жұмысшы опат болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Гагарин және Абай көшелерінің қиылысында орналасқан «Алатау» метростансысының №2 учаскесінде, кеше, мамырдың 7-сі күні жерасты үңгілеу жұмыстары кезінде бетон қабырғаның бөлшегі құлап кетіп, үйіндінің астында қалып қойған 25 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.